Kazakh National H-Index Ranking нәтижелері жаңартылды.
Рейтинг жүйесі Хирш индексінің көрсеткішін пайдалана отырып, еліміздегі ұйымдар мен зерттеушілердің ғылыми еңбек нәтижесін бағалайды.
TOP үштікке енген ғылыми ұйымдар:
- Назарбаев Университеті
- Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Ғылыми әлеуеті жоғары оқу орындары қатарында Дулати университеті де бар.
Рейтинг көрсеткіштерін жаңарту барысында Scopus, Web of Science және Google Scholar дерекқорындағы авторлардың профильдері мен рецензияланған ғылыми материалдары талданды.