ЯНА – ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАДАН ЖЕҢІМПАЗ

Иран елінің астанасы – Тегеран қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында  I Тынық-Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге жеті командадан барлығы 130 спортшы қатысты. Қазақстан құрамасында еліміздің әр өңірінен 16 спортшы өнер көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің қыздар құрамасы жүлделі 2-орынды жеңіп алса (6 алтын, 5 күміс, 4 қола), ерлер командасы жалпыкомандалық есепте 4-орыннан көрінді.(3 алтын, 5 күміс, 2 қола)

Еліміздің туын биіктен желбіреткен спортшылар қатарында Дулати студенті Яна Сибирякова да бар. Спортшымыздың жеке жеңісіне тоқталсақ:

Ұзындыққа секіру – 2 орын

Найза лақтыру – 2 орын

Үш реттен қарғып секіру – 1 орын

Эстафета 4*100 – 1 орын

Эстафета 4*400 – 1 орын

Янаның спорт саласындағы жеңістеріне тоқталар болсақ, ол бірнеше мәрте есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында жеңіл атлетикадан республикалық чемпионаттардың жеңімпазы атанды.  Астана, Шымкент, Қарағанды  қалаларында өткен жарыстарда жүлделі 1 және 2-орындарды жеңіп алған болатын. Ал Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдолимпиядалық ойында 4-орынды иеленді.

Яна Сибирякова III топтағы мүгедектігі бар студент. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласады. Көптеген конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрген жан-жақты жас. Янаның сабақ үлгерімі де өте жақсы.

Янаны кезекті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңіс жолында қанатың талмасын!

2

Прочитано 674 раз
Top