БОЛАШАҚ ФИЗИКТЕР БАҚ СЫНАДЫ

Технологиялық факультеті «Қолданбалы математика және физика»  кафедрасы мен «Квант» студенттердің ғылыми үйірмесінің ұйымдастыруымен  қалалық орта және арнаулы орта білім орындары оқушыларының қатысуымен   «Жас зерттеушілердің физика ғылымындағы жетістіктері мен болашағы» тақырыбында шағын конференция өтті.

Конференция жұмысына физика және астрономия пәндерінің мұғалімдері қатысып, семинарда көтерілген мәселелер туралы өз ойларымен бөлісті. Мұғалімдермен қатар конфенерцияға №15 гимназияның, №45 Б.Момышұлы атындағы классикалық гимназияның және №5, №7, №29 орта мектептердің оқушылары, Тараз политехникалық колледжінің студенттері, «Квант» үйірмесінің мүшелері және «6В05311- Физика» БББ бойынша оқитын студенттер қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша  Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы Сұңқар Ғалымұлы 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды №7 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Сеяб Омаров иеленді. "Дарын" лицей-интернатының 10-сынып оқушылары Мереке Есенаман мен Іңкәр Әуесбек  3-орыннан көрінді. Белсенділігімен ерекшеленген мектеп оқушылары мен  колледж студенттеріне алғысхат тапсырылды.

WhatsApp Image 2023 12 04 at 16.17.13

Лаура Сугурова,

Технологиялық факультеттің ғылыми

 жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

Прочитано 563 раз
Top