ҒЫЛЫМҒА КӨҢІЛ БӨЛГЕН ЖАСТАР ОЗЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ҰСЫНДЫ

«Көлік және машина жасау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Машина жасау» студенттік ғылыми үйірмесінің бастамасы бойынша «Шағын балама энергия қондырғыларын құру» атты конференцияның I туры өтті.

Конференцияға Қаратау қаласының №1, Тараз қаласының №3 мектеп-лицейлерінің оқушылары, Тараз Темір жол көлік және коммуникация, Тараз гуманитарлық техникалық, Тараз политехникалық колледждерінің студенттері мен оқытушылары және  «Машина жасау бұйымдарын құрамдау және өндіру» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Кафедра профессоры т.ғ.д. Сағат Жүнісбеков, доценттер т.ғ.к. Досымбек Джакияев, т.ғ.к. Бортан Қойайдаров қатысушыларға сәттілік тілеп, университеттің білім беру бағдарламалары, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары, профессорлық-оқытушылар құрамы туралы, факультеттің материалдық-техникалық базасы бойынша  толық ақпарат берді.

Қатысушылар баяндама жасады. Оқытушылар мен профессорлар келесі баяндамаларға жоғары қызығушылық танытты: Қаратау қаласының №1 мектеп-лицейінің білімгері Д.А.Неретиннің  «Энергия БУДУЩЕГО»,  Тараз қаласының №3 мектеп-лицейінің білімгері Г.Сұлтанқызының «Шағын балама энергия қондырғыларын құру»,  Тараз политехникалық жоғары колледжінің білімгері Ы.Ж.Қояштың «Робот», Тараз Темір жол көлік және коммуникация колледжінің білімгері С.М.Бекботаеваның «Шағын балама энергия қондырғыларын құру» тақырыбындағы баяндамалары ұстаздар тарапынан жоғары бағаланды.  

Конференция нәтижесінде жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен, жетекшілері мен баяндамашылар алғысхаттармен марапатталды.

Келер жылдың сәуір айында конференцияның II турын өткізу жоспарланып отыр. Бүгіннің өзінде мектеп, колледж оқушылары мен студенттері қатысуға қызығушылық танытып жатыр.

2

3

4

Прочитано 686 раз
Top