ӨЛЕҢ ОҚЫП, ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті,  «Журналистика және филология» кафедрасының студенттері “Махаббаттың көгіндегі шоқ жұлдыз...” атты байқауында поэзия оқып, бақ сынады. Жарысқа төрт жұп қатысты: Пернебек Айзат пен Еңсебек Ақниет, Абиров Алмат пен Керімбаева Альмира, Қуанышбекұлы Әкімжан пен Мырзахметова Ақмарал, Көпен Санжар мен Мелис Ұлбике. 

Бұл жарыстың ерекшелігі – тек ФЖГҒ факультеті ғана емес, Технологиялық,   Экономика және құқық факультеті  студенттерінің  басын қосты. Байқау үш кезеннен тұрды, әр кезең белгілі балдармен бағаланды. Поэзиядан бөлек, өлең, көріністер қойылды. Ең сонында қорытынды шығарылып, “Бас жүлдені” Қуанышбекұлы Әкімжан пен Мырзахметова Ақмарал жеңіп алды. Қалған қатысушылар сертификаттармен марапатталды. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар берілді.

2

Прочитано 308 раз
Top