Ардагер спортшыға құрмет көрсетілді

Дулати университеті «Дене шыныктыру мен спорт теориясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұсабеков Алмас Сағымқұлұлы Абу-Даби қаласында өткен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионатында дзюдо куресінен І орынды иеленді. Ардагер спортшыға университет ұжымы атынан ректор Мұхтар Байжұманов  құрмет көрсетіп, сый-сияпаттар табыстады. Әріптестер арасында үлгі бола білген Алмас Мұсабековтің бұл алғашқы жеңісі емес. Бұған дейін Астана қаласында өткен Азия чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.

Прочитано 321 раз
Top