Студенттер күніне арналған мерекелік кеш өтті

Кешегі мектеп оқушысы бүгін-студент,  ертең жас маман атанады. Уақыттың иіріміне бағынбайтын жастық шақ қайта айналып келмейді. Сондықтан болар еліміздегі барша студенттер жыл сайын 17 қарашаны асыға күтеді. Бұл күні марапаттар еселене түседі, ойын-сауық жиындар, көңілді кештер ұйымдастырылады.

Биылғы жыл тіптен ерекше. Себебі Дулати университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасы Дулати Жастар театрының жаңа қойылымы мерекеге орай сахналанды.

Көрермен толы зал «Диляфруздың төрт күйеуі» атты комедиялық спектакльді тамашалады. Жастар арасындағы шынайы махаббаттың түбінде жеңіп шығатынын сипаттаған қойылым көпшіліктің көңілінен шықты. Сонымен қатар, студенттер күні қарсаңында белсенділікпен көзге түскен жастар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Студенттер күні биылғы жылы да университетте жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шарада Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы атаулы күнде жастарға мерекелік көңіл күй сыйлау үшін осындай салтанатты мереке ұйымдастырып отырғанын айта келіп, позитивке толы жылдарда рухани байып, жан-жақты болып өтуге шақырды.

Айта кету керек, Халықаралық деңгейде тойланатын студенттер мерекесі 17 қараша күні деп белгіленген.

WhatsApp Image 2023 11 17 at 17.42.40

WhatsApp Image 2023 11 17 at 17.51.52

WhatsApp Image 2023 11 17 at 17.52.18

WhatsApp Image 2023 11 17 at 17.52.32

WhatsApp Image 2023 11 17 at 17.52.52

WhatsApp Image 2023 11 17 at 17.53.11

WhatsApp Image 2023 11 17 at 18.04.36

WhatsApp Image 2023 11 17 at 18.05.55

WhatsApp Image 2023 11 17 at 18.05.55 1

WhatsApp Image 2023 11 17 at 18.04.36 1

 

 

Прочитано 344 раз
Top