Үздік университеттерге QS рейтингісі бойынша сертификаттар табысталды

2023 жылдың маусым айында QS University Rankings рейтингі қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік университеттердің тізімі жарияланған болатын. Әлемнің 2 963 жоғары оқу орны қатысқан биылғы іріктеуде алғаш рет 5 қазақстандық жоғары оқу орны үздіктер қатарына енді. Олардың қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті де бар.

Аталған әлемдік рейтингте М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 1201-1400 орынды иеленді. Осыған орай, 16 қараша күні Алматыда Халықаралық QS рейтингі жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Салтанатты шараға QS Quacquarelli Symonds компаниясының президенті және негізін қалаушы Нунцио Квакварелли, QS рейтингтік агенттігінің аймақтық директоры Сергей Христолюбов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректор М.Байжуманов пен Басқарма мүшесі – проректор Ш.Есимова және Қазақстан университеттерінің ректорлары мен өкілдері қатысты.

Құттықтау салтанаты барысында QS Quacquarelli Symonds компаниясының президенті Нунцио Квакварелли Халықаралық QS рейтинг сертификатын Дулати университеті ректорына табыстады.

Университет ұжымын айтулы оқиғамен - Халықаралық QS рейтингінің сертификаты иегері болумен құттықтаймыз және жыл сайын үздік университеттердің әлемдік рейтингтегі позициямызды одан әрі жақсартуға тілектеспіз.

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.03.55

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.03.56

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.03.56 1

WhatsApp Image 2023 11 16 at 17.16.44

Прочитано 338 раз
Top