Дулати университетінің баспасөз хатшысы министрдің алғыс хатымен марапатталды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің “Ақпарат және медиакоммуникация” орталығының басшысы Бағлан Батырбек ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алғыс хатымен марапатталды.

Университеттің оң имиджін қалыптастыруда медиа орталықтың жұмысы ерекше. Сала мамандары ЖОО -ның сапалы білімі мен студенттік шақтың қызықты кезеңін таспалап, тарих беттерінде қалдыру. Осы тұрғыда Дулати университеті баспасөз қызметінің жұмысын Ғылым және Жоғары білім министрлігі жоғары бағалады!

Марапатты М.Әуезов университетінде өтіп жатқан республикалық форумда аталған оқу орнының ректоры Дария Қожамжарова табыстады.

Алғыс хатта: «Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім саласын дамытуға қосқан үлесіңіз бен мінсіз қызметіңіз үшін алғыс білдіремін. Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болсын!», - делінген.

Дулати университеті “Ақпарат және медиакоммуникация” орталығының басшысы Бағлан Батырбекұлына алдағы жоспарларына сәттілік тілейміз! Шығармашылық ұжымның шабыты шарықтай берсін!

10 1

2

Дулати университетінің медиа-қызметі

Прочитано 419 раз
Top