Басты мақсат – университет көрсеткішін көтеру

Бүгін университет қабырғасында «Дулати университетінің әлемдік рейтингтегі позицияларын жақсарту» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға кафедра меңгерушілері, факультет декандары, институт директорлары қатысты.

Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есимова университеттің QS рейтингі туралы айтып берді.

– Дулати университеті Times Higher Education World University Rankings 2024 бас рейтингіне «репортер» мәртебесімен енді. Бұл бізге үлкен міндет жүктейді. Барлық қажетті мәліметті жинап, толықтыруымыз керек. Оның өз индикаторы, мақсаты бар. Алдағы уақытта жұмыла жұмыс істеп, көрсеткіштерді жақсартуымыз керек,-деді.

Алматыдан арнайы келген эксперт маман Малика Капарова Рейтинг әдестемелерімен таныстырды. Озық оқу орындарының тәжірибесінен мысалдар келтіріп, жақсы көрсеткішке жету үшін қойылатын талаптарды түсіндіріп берді. Стратегиялық жоспар аясында танымалдылықты арттыру үшін атқарылуы керек жұмыстар туралы өз презентациясында көрсетті.

Семинар соңында қатысушылар сұрақтарын қойып, жауап алды.

WhatsApp Image 2023 10 17 at 19.20.54

WhatsApp Image 2023 10 17 at 18.07.14

 

 

Прочитано 738 раз
Top