Дулати ғалымдарының 3 жобасы «Технологияларды коммерцияландыру реакторына» қатысады

Дулати университетінде Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен «Технологияларды коммерцияландыру реакторына» жобаларын іріктеу бойынша Онлайн-питч өткізілді.
Онлайн -питчті университеттің Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев алғысөзімен ашты. Университет ғалымдарының 3 ғылыми әзірлемесі «Технологияларды коммерцияландыру реакторына» алғаш рет өтті.
Жобалар:
1. «Фосфор өндірісінің өндірістік қалдықтары негізінде жаңа биомелиорант өндіру» жобасы. Жоба жетекшісі: Тұрсынбаев Қамбар Исраилұлы т.ғ.к., доцент.
2. «Баритты бетон өндірісі» жобасы. Жоба жетікшісі: Садиева Халипа Рысқұлқызы т.ғ.к., доцент.
3. «Суды қайта пайдалану мақсатында тазартуға арналған белсендірілген көмір негізіндегі сүзгі жүйелері» жобасы. Жоба жетекшісі: Қалмаханова Маржан Сейітқызы, «Химия және химиялық технология» каф. меңгерушісі, PhD докторы.
«Ғылым қоры» АҚ жер қойнауын пайдалану саласындағы «Технологияларды коммерцияландыру реакторын» 31 қазан күні Satbayev University базасында өткізеді.
«Технологияларды коммерцияландыру реакторы» аясында жоба командасы ғылыми әзірлеменің коммерциялық құндылығын ұсынуға және жеткізуге, сондай-ақ іскер-серіктестермен жобаны бірлесіп қаржыландыруға және келісімге келу мүмкіндігіне ие болады.
«Ғылым қоры» АҚ бизнес-тренерлері мен сарапшылары алдында коммерцияландыруға дайын ғылыми әзірлемелерді презентациялау онлайн-питч механизмі арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсат – Жобаның «келбетін келтіру» және инвестор үшін жобаларды іріктеу.
2022 және 2023 жылдары өткізілген «Технологияларды коммерцияландыру реакторлары» нәтижесі бойынша 63 ғылыми жобаның 31-і бірлескен коммерцияландыру үшін бизнес серіктестерін тапты және коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін бірлескен қаржыландыру көзін тартты.
 
 
 
Прочитано 695 раз
Top