Дулати университетінде студенттерді қабылдау кеші өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бірінші курс білімгерлерін «Студенттер қатарына қабылдау» салтанатты кеші өтті. Жиынға университет ректоры М.Байжұманов және профессор-оқытушылар құрамы мен   студенттер қатысты.

Салтанатты жиынды университет ректоры М.Байжұманов құттықтау сөзімен ашып берді.

– Биылғы оқу жылындағы студенттер алдыңғы жылдардағы жастармен салыстырғанда өте белсенді. Бұл пікірді оқытушылар мен факультет декандары үнемі айтады. Дәл қазіргі салтанатты кеште бұл сөздің растығына куә болдым. Құрметті студенттер, барлықтарыңызды осы қуанышты күнмен құттықтаймын. Білім беру жүйесіңдегі өзгерістер тек жастардың мүддесі үшін жасалуда. Осы қолдауды пайдалана отырып, ЖОО-нын қызыл дипломға бітіріп, магистратура, докторантурамен жалғастыруларыңызға тілектеспін,-деді М.Қазыбекұлы.

Дәстүрлі түрде табысталатын «Білім кілті» мен «Студенттік билетті» М.Байжұманов республикалық байқаулардың жеңімпазы Күнсұлу Даниярқызына және мемлекеттік грант иегері Дулат Гамзатұлына табыстады.

Жаңа оқу жылының өзгерістеріне үйренген бірінші курс студенттері алаңсыз салтанатты кеште көңіл көтерді. Айта кету керек, «Дулати FEST» cалтанатты жиынына мың жарымға жуық студент қатысты.

Бұл бастаманың еркін әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын жастардың қуанышынан көруге болады. Екі сағатқа созылған салтанатты жиын барысында институт және факультеттер өз миссиялары және жетістіктерін айтты. Тарихы терең қазыналы білім ордасы заман талабына сай кадрлар даярлауда.

Кешегі оқушы – бүгінгі студент. Алпыс жылдан астам уақыттан бері студенттерді қанаттандырып, биік мінберлерден көрінуіне септігін тигізіп жүрген оқу ордасы биылғы оқу жылында 4500 студентті қабылдады. Бұл көрсеткіш университеттің сапалы жұмыс күшін көрсетеді. Бастысы еліміздің кадр тапшылығын білікті мамандармен толықтыру мақсатында жұмыстар атқарылуда.

Биылғы салтанатты рәсім форматы дәстүрлі кілт табыстаумен қатар өзгеше, креативті шоуларды жүзеге асырумен ерекшеленді. Студенттер арасында лоторея билеттері ойнатылып, университеттің мерч өнімдері сыйға тарту етілді.

WhatsApp Image 2023 09 28 at 10.47.23

WhatsApp Image 2023 09 28 at 10.47.23 1

WhatsApp Image 2023 09 28 at 10.47.23 2

WhatsApp Image 2023 09 28 at 10.47.23 3

WhatsApp Image 2023 09 28 at 10.47.23 4

WhatsApp Image 2023 09 28 at 10.47.23 5

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.02.04

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.02.04 1

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.02.04 2

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03 2

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03 1

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03 3

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.20.32

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03 4

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03 5

WhatsApp Image 2023 09 28 at 11.06.03 6

Прочитано 451 раз
Top