Ташкент қаласында өткен Каратэ-до Шотоканнан Әлем чемпионатында Дулати университетінің 2 курс студенті Аиша Мұхамеджан төрт бірдей медаль иеленді.
Каратэ-до (WKF) бойынша спорт шеберіне үміткер студентіміз 2 алтын, 1 күміс, 1 қола жеңіп алды:
60 кг санбон кумите жастар арасында 1 орын;
60 кг иппон кумите жастар арасында 1 орын;
жастар арасында 2 орын;
- командалық кумитэ 3 орын.
Әлем чемпионатында осындай жетістікке қол жеткізу – үлкен еңбек пен шеберлікті қажет етеді.
Дулати университеті «Чемпиондар шеберханасы» екенідігін тағы бір жеңіс арқылы айғақтай түсті. Ел мерейін асқақтатқан чемпиондар қатарына тағы бір студенттіміз қосылды. Жеңісті күндеріміз көп болсын!