Корея Республикасынан келген ғалым Дулатида дәріс оқиды

 
Халықаралық ынтымақтастық орталығы шет тілдерін бір оқу жылында оқытатын кәсіби мамандарды жүйелі түрде тартуды қолға алып отыр. Осы орайда Дулати университетіне Корея Республикасы Елшілігінің жанындағы білім беру орталығы арасындағы меморандум негізінде Ли Сан Су шақырылды.
 
Шетелдік ғалым LEE SANG SOO (ЛИ САН СУ) 2023-2024 оқу жылына  «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ және Корея Республикасы Елшілігінің жанындағы білім беру орталығы арасындағы 2023 жылғы 3 тамыздағы №1-56 меморандум негізінде 11 қыркүйек пен 30 маусым аралығында «Ұстаз» институтына, «Әлем тілдері» кафедрасына дәрістер жүргізетін болады.
 
Студенттер үшін жаңа оқу жылында жасалған жаңа мүмкіндіктердің бірі шет тілдері бойынша сол елдің азаматтарының дәріс оқуы. Бұл алдағы уақытта жоғары нәтиже береді деген сенім мол.
Прочитано 425 раз
Top