АҚШ-тан келген ағылшын тілінің ассистенті Дулати университетінде дәріс береді

Дулати университетінде жаңа оқу жылында АҚШ-тан келген ағылшын тілінің асистенті Хира Шабаз студенттерге дәріс оқиды. Сондай-ақ «Speaking club»-тың жұмысын жүргізетін болады.

Шетелдік маманның Дулати университетіндегі жұмыс жүйесі халықаралық «Fulbright English Teaching Assistant program» бағдарламасы шеңберінде жасалады.

Университеттің стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Шолпан Есімова Тараз жеріне келіп, оқытушылық қызметін бастаған ағылшын тілінің асистенті Хира Шабазбен кездесіп, лектордың оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылады.

Фулбрайт бағдарламасы – әлемдегі ең танымал және беделді бағдарламалардың бірі.Бұлбағдарламаны АҚШ азаматтары мен басқа елдер арасындағы мәдени-академиялық байланыстарды нығайту мақсатында АҚШ Мемлекеттік департаменті қаржыландырады.

WhatsApp Image 2023 09 13 at 14.45.05

Прочитано 388 раз
Top