Желілік кампус өз жұмысын бастады

Дулати университетінің Бас ғимаратында ТМД елдерінде тұңғыш жүзеге асырылған желілік кампус және «Қос дипломды бағдарламаның мүмкіндіктері мен артықшылықтары» тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.

Жиынға Дулати университетінің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова және Менделеев университетінен «Оқу бағдарламаларын дамыту және халықаралық қызмет жөніндегі» проректор орынбасары - Шахгильдян Георгий Юрьевич, «Уралхим» АҚ өкілі – Богданова Ольга Викторовна, «Қазфосфат» ЖШС персоналдарды басқару департаментінің директоры - Абдинадир Айтматов қатысты. Тараптар ынтымақтастық аясында алдағы уақытта бірлесе атқаратын әріптестікті нығайту жұмыстары туралы баяндады.

Айта кету керек, бұл – Дулати университеті, «Қазфосфат» ЖШС және Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің бірлескен жобасы. «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын химия өнеркәсібі үшін білікті кадрларды даярлауды көздейтін желілік кампус. Бұған дейін ашылу рәсімі мен таныстырылымы Алматы қаласында және Дулати университетінде өткен болатын.

Жоғары білім беру жүйесінде жүзеге асырылатын, алғаш рет жұмыс беруші тарапты да бірге қамтыған жоба аясында жаңа оқу жылында күтілетін нәтижелер көп.

– Дулати университеті QS әлемдік рейтингісі бойынша ең үздік ЖОО –ның қатарына енді. Жоғары талаптар негізінде жақсы көрсеткішке жете алу, университет үшін үлкен мәртебе. Жасалынып жатқан жұмыстар жастар үшін, өңір үшін оң өзгеріс береді деп сенеміз. Сондай-ақ химия өнеркәсібінің дамуы аясында біршама бастамалар қолға алынды. Соның бірі «Қос дипломды» білім беру бағдарламасы незігінде Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия технологиялық университеті және «Қасфосфат» ЖШС-мен бірлесіп, химик-технолог мамандарды даярлау. Бүгінге дейін үш тарапты келіссөздер жүргізіліп, сәтті аяқталды. Міне енді, осы жаңа оқу жылын 7 студент Мәскеуде бастап отыр. Бітіруші түлектер алдығы уақытта кедергісіз жұмысқа орналасады. Бұл кадрларды жұмыспен қамтып отырған Казфосфат ЖШС, - деді Дулати университетінің проректоры Шолпан Есімова.

Сонымен қатар, «Қазфосфат» ЖШС персоналдарды басқару департаментінің директоры Абдинадир Айтматов бұл жобаның студенттерге берілген үлкен мүмкіндік екенін атап өтті. Кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілетін жағдайлар мен артықшылықтарға тоқталды.

Жиын соңында студенттерге химия саласына қатысты сұрақ-жауап ойыны ойнатылды. Тапқырлық көрсеткен жастарға сыйлықтар тарту етілді. Тың ақпараттар мен көтеріңкі көңіл сыйлаған бұл кездесу «Химия және химиялық технология» кафедрасының белсенді студенттерінің өнерлерімен жалғасты.

WhatsApp Image 2023 09 11 at 18.09.23

WhatsApp Image 2023 09 11 at 18.09.23 1

WhatsApp Image 2023 09 11 at 18.09.24

WhatsApp Image 2023 09 11 at 18.09.23 2

WhatsApp Image 2023 09 11 at 18.09.22 1

 

 

Прочитано 445 раз
Top