Дулати студенттері «QazaqGaz барлау және өндіру» орнында жұмыс істейді

Дулати университеті кәсіби білім берудің практикалық және теориялық компоненттері біріктірілген маман даярлаудың дуалды оқыту жүйесі бойынша кәсіпорындармен әріптестік байланысты нығайтуға баса көңіл бөліп отыр. Соның арқасында студенттерге өндірістік практикадан өтіп, жұмыс табу жеңілдей түсті.

Енді Дулати университетінің «Мұнай газ және тау-кен ісі» бойынша биылдан бастап бітіруші түлектеріне «QazaqGaz барлау және өндіру» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде практикадан өтуге мүмкіндік туады.

Дулати университетіне ат басын бұрған «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС-нің басшылығы университет ректоры М.Байжұмановпен кездесті. Кездесу барысында арнайы көрме ұйымдастырылып, студенттердің жасаған жобалары таныстырылды.

– Бәрімізге белгілі 1990 жылдары еліміздің оңтүстік облыстарын табиғи газбен қамтуда қиыншылықтар болды. Қазіргі уақытта 1970 жылдары ашылып зерттелген «Амангелді» газконденсатты кен орны игеріліп жатыр. Дегенмен бастыпқы кезде осы кен орынды игеріп, халыққа газ жеткізу мәселелерінде кадрлар жетіспеді. 1997 жылы газ саласы мекемелерінің ұсыныстарымен мұнай-газ саласының мамандықтары Дулати университетінде ашылған болатын. Қазіргі күнге дейін басшылықта отырған біраз тұлғалар осы қара шаңырақтан шыққан, деді Мұхтар Қазыбекұлы.

Алғаш рет жүзеге асырылып отырған бұл жоба нәтижесіз қалмайды деген сенім көп. Осы жылы университеттен 2 студент өндіріс орнына барып тәжірбиеден өту мүмкіндігіне ие болды. 4 курс студенттері 15 күн негізгі сабақтарын оқыса, 15 күн кезекшілікте болады. Студенттер тек білім алумен шектелмейді. Еңбек өтілі есептеледі. Айлық төленеді. Киім және тамақпен қамтамасыз етіледі. Бастысы 3 тілде білім алған бұл студенттер диплом алған күннен бастап, өндіріс орнындарында 100 пайыз жұмыспен қамтылады.

WhatsApp Image 2023 09 07 at 18.41.38

WhatsApp Image 2023 09 07 at 18.42.03

WhatsApp Image 2023 09 07 at 18.42.23

Прочитано 689 раз
Top