Дулати университеті болашақ химиктерді оқуға шақырады

Жаңа оқу жылынан бастап Дулати университеті, Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлесіп 10-11 сынып оқушыларына арналған «Менделеев сыныбы» жобасын қолға алуда.

Осы жобаның шеңберінде мектеп оқушыларына жетекші университеттердің ғалымдарынан білім алуына мүмкіндік туып отыр. Күндізгі оқу нысанында қашықтықтан білім беру форматы қолданылады. Оныншы және он бірінші сыныптарға химия негіздерінің курсы бөлек жүргізілетінін айта кету керек.

Қазір Дулати университетінің жұмыс тобы облыс мектептерінде «Менделеев сыныбы» жобасы бойынша таныстырылым жұмыстарын жүргізуде. Жобаның тұсаукесер рәсімі 7 қазан күні өтеді.

Прочитано 713 раз
Top