Дулати университеті халықаралық деңгейде имиджін көтеру мақсатында шетелдік оқу орындарымен екіжақты байланысты арттыруда. Озық университеттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, студенттер тартуда.
Бұл ретте шетелдік әріптестерді нығайту іс-шаралары халықаралық ынтымақтастық басқармасы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқанын айта кету керек.
Жаңа оқу жылында университет тарихында алғаш рет Ресей Федерациясының, Санкт-Петербург қаласындағы ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университетінен 3 студент күзгі семестрге оқуға қабылданды. Бұл – университетіміздің беделін көрші елдер арасында көтеру үшін жасалған сәтті қадамның бірі.
Өз кезегіндегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде университетіміздің «Әлеуметтік саладағы психология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Құрманжан Жақыпбекова, «Жарнама дизайны» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Екатерина Крамынина және Диана Темірханосы университетте өз білімдерін шыңдайды.
Дулати университеті осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта сәтті жалғастырып, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Еуропа елдерінен студенттер тартуды жоспарлап отыр.