Жаңа белеске қадам бастық

1 қыркүйек – Білім күнінің мәні ерекше. Білім адамзатты кемел келешекке бастайды. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде атап өткендей, Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Мемлекетімізде жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдай жасалуда.

Білім жолы – бұл парасат жолы. Міне, осы жолда біз тағы бір кезекті оқу жылын бастап отырмыз. Бүгін барлық білім беру мекемесінде жаңа оқу жылына арналған іс-шаралар өтуде.

Талапкерлер университетке келіп, студент атанады. Осылайша үлкен өмірге қадам басуда. Білім алу, ізденісте болу –студенттің негізгі мақсаты.

Алда жоспар көп. Белгілеген межеге жету жолында талмай еңбек ету керек. Бұл жолда бізге студенттеріміздің де үлкен қолдауы қажет. Жастар белсенділік танытып, университетіміздің жаңғырып, жаңа бағытта дамуына атсалысса ғана біз бірге өркендейміз. Оқытушы-профессорларымыздың бүгін сіздерді, ыстық ықыласпен қарсы алып жатқаны да, сондықтан.

Жоғары білім беру ісіндегі ең маңызды көрсеткіш – талапкерлер арасындағы мемлекеттік грант иегерлерінің саны мен сапасының артуы екенін айту керек. Дулати университетіне оқуға тапсырғандардың 2019 жылы 783-і грант иеленген болса, биыл 1201 талапкер оқу грантының иегері атанды. Жергілікті әкімдіктің бөлген оқу грантын 15 талапкер иеленді. Соңғы 5 жылда грант иегерлерінің саны 40 пайызға жуық артқан.

Дулати университеті студенттердің сапалы жоғары білім алуы үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Баршаңызға жаңа оқу жылы зор жетістіктер әкелсін!

Құрметпен,

ректор Мұхтар Байжұманов.

Прочитано 627 раз
Top