Дубай қаласында өткен жастар арасындағы пара пауэерлифтингтен Әлем чемпионатында Дулати университетінің 2-курс студенті Ерсен Станбек ел қоржына 2 бірдей қола медаль салды.
600-ге жуық спортшы қатысқан бәсекеде сынға түскен Ерсен Станбек әлемнің 80 мемлекетінен келген мықтыларымен күш сынасты.
Ерсен Станбек - «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем кубогының иегері. Ол алты жылдан бері пауэрлифтингпен кәсіби түрде айналысады. Жарыстан кейін Тараздық студент өзінің алған әсерімен бөлісіп, жарыста мол тәжірибе жинағанын айтты.
«Польша, Өзбекстан, Иран, Аргентина,Тәжікстан, Мексика, Венгрия спортшылары басты қарсылас болды. Барлығы қарқынды дайындықпен келген. Байрақты бәсекеде топ жарып шығу өте қиын болды. Дайындықтың арқасында жүлделі орын иелендім. Алдағы мақсат Олимпиада шыңын бағындыру», дейді жас спортшы.