«Қазақстан барысы» - Дулати университетінде

Ректор Мұхтар Байжұманов университеттің табысты түлегі  Ғалымжан Қырықбайды қабылдады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турнирінде топ жарған  Ғалымжан Қырықбай мен жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевпен бірге өзі білім алған Дулати университетіне келді.

-Біз үшін сіздің әрбір жеңісіңіз мақтаныш. Алдағы уақытта бұданда биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз. Өскелең ұрпақ өзіңіздей жастардан үлгі алады. Жастарға спортпен шұғылданып табандылық танытп төзімді болудың жолын көрсетіп, көптеген асуларды бағындыруыңызға тілектеспіз. Жеңісті күндерде жолыққанша!,- дейді Мұхтар Қазыбекұлы.

Универеситет басшылығы  қазақ күрсінен күштік құрылымдар арасында «Әскер барысы» атанған Ғалымжан Қырықбайдың алдағы аламандарда да табысқа жететініне сенімді.

WhatsApp Image 2023 08 09 at 17.28.18 1

Прочитано 456 раз
Top