«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары бағдарламасы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры (бұдан әрі – Қор) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асыру шеңберінде келесі құжаттарды жолдайды:

  1. Қордың Қамқоршылық кеңесі 2023 жылғы 24 шілдеде бекіткен Бағдарламаның жаңа редакциядағы мәтіні.
  2. 2023 жылғы 26 шілдеде Қор Басқармасымен бекітілген 2023–2024 оқу жылына ЖЖОКБҰ тізімі және ЖЖОКБҰ бойынша гранттарды бөлу.

Жаңартылған Бағдарламада қатысушы талапкерлердің санаттары кеңейтілді:

1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы табысы аз отбасылардан;

2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

3) мүгедектігі бар адамдар;

4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;

5) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;

6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар;

7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы қоса алғанда 29 жас. Грант екінші жоғары білім алуға берілмейді.

Бағдарламаны іске асыру тәртібі мен шарттары

Грант беруге үміткерлердің тізімін ҰБТ-ді ағымдағы күнтізбелік жылында өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖОКБҰ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған (оның ішінде шығармашылық емтихандарды ескере отырып) талапкерлер қатарынан ЖЖОКБҰ қалыптастырады және келесі құжаттарды қоса бере отырып, ЖЖОКБҰ-ның конкурстық комиссиясы отырысының хаттамасы ретінде ресімделеді:

1) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантын беруге үміткерді растау өтінім-сауалнамасы (Бағдарламаның №1 қосымшасы);

2) «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру грантын беруге үміткердің келісім-хаты (Бағдарламаның №2 қосымшасы);

3) үміткердің «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасына қатысушы санатына жататынын растайтын құжаттар (Бағдарламаның №3 қосымшасы);

4) ЖЖОКБҰ-ның конкурстық комиссиясын құру туралы бұйрықтың көшірмесі.

2023/2024 оқу жылына арналған іске асыру жоспары:

ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссияларының талапкерлерден өтінімдерді қабылдау

1–17 тамыз

Қорға ЖЖОКБҰ-ның конкурстық комиссияларының шешімдерін және барлық растайтын құжаттарды жіберу

22 тамызға дейін

Гранттарды беру жөнінде Қор Басқармасының отырысы

6 қыркүйек

«Қазақстан халқына» білім беру гранты иеленушілерінің тізімін Қордың сайтында жария ету

11 қыркүйекке дейін

Шарттарды жасасу: «Корпоративтік қор-ЖЖОКБҰ»

қыркүйек-қазан

Оқу гранттары мен стипендияларды төлеу

қыркүйек-қазан

Прочитано 961 раз
Top