Дулати университетінің 2 студенті Дүниежүзілік универсиадаға қатысады

Бүгін Чэнду универсиадасы Қазақстан ұлттық құрамасының алғашқы делегациясын қабылдады.

Қытайда Халық Республикасы, Чэнду қаласында 27 шілде - 8 тамыз аралығында  өтетін ХХХІ жазғы Дүниежүзілік универсиадада ұлттық құрама сапында Дулати университетінің 2 студенті ел намысын қорғайды.

Айта кету керек, бұл додаға 170 елдің студенттері қатысады.

Ал Қазақстан құрамасында дүбірлі додаларда бақ сынап жүрген таэквондошы, Дулати университетінің Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4 курс студенті Александр Тэн жеке бағдарлама бойынша сынға түседі. Алғашқы әскери даярлық мамандығының 2 курс студенті Абдурашит Абдуллаев ушу спортынан қатысады.

Прочитано 483 раз
Top