Абдурашид Абдуллаев дүниежүзілік аренада бақ сынайды

2023 FISU жазғы универсиадасы биыл Қытайдың Чэнду қаласында өтеді. Әлем студенттері түрлі спорт түрлері бойынша сынға түсетін жарыс 28 шілдеде басталады.

Әлемдік жазғы универсиадада ел намысын қорғайтын Қазақстан құрамасы келесі аптада Чэнду қаласына аттанады.

Ұлттық құрамаға шақырту алған М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенті Абдурашид Абдуллаев у-шудан халықаралық аренада алғаш рет бақ сынағалы отыр.

«Өнер және спорт» факультетінің «Алғашқы әскери даярлық және дене тәрбиесі» кафедрасында 3-курста білім алып жатқан Абдурашид ересектер арасында у-шудан Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. Әр жылдарда жүлделі орындарды еншілеп жүрген спортшы соңғы үш жылда жеңісті ешкімге бермей келеді.

Тараз қаласында туып-өскен Абдурашид Абдуллаев балалармен бірге спорт залына барып жүріп, у-шуға қызығушылығы оянғанын айтады. Алғашқы күннен бастап Мухиддин Маюфи бапкердің қарамағында жаттығып келе жатқан ол халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетуді армандайды.

WhatsApp Image 2023 07 20 at 14.02.59

Прочитано 438 раз
Top