Александр Тен 2023 FISU жазғы универсиадасында бақ сынайды

Қытайдың Чэнду қаласында 28 шілдеде 2023 FISU жазғы универсиадасы басталады.

Дүбірлі додада Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайтын спортшылар қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері де бар.

Соның бірі –  «Өнер және спорт» факультетінің 4-курс студенті Александр Тен.

Александр Тараз қаласында туып-өскен. Қаладағы №20 мектепте білім алып, таңдауы Дулати университетіне түскен. Үлкен спорттық аренадағы жетістік жолы осы оқу ордасынан басталған.

2011 жылы жаттығу залына барып, таэквондо спортын таңдаған күннен бастап, жаттықтырушысы Нина Югайдің қатаң талаптарын түгел орындап, тер төгіп, еңбек етіп келеді. Жасөспірімдер арасында талай жарыстарға қатысқан. Ересектер санатына көшкен соң Қазақстан құрамасына шақырту алады.

2020 жылы Әлем чемпионатында жеке жарыста жолы болып, қола жүлдені олжалаған.

2023 жылы Еуропа чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, 1-орынды жеңіп алды.

Прочитано 477 раз
Top