Мемлекеттік білім беру грантын беру конкурсына құжат тапсыру басталды!

Құрметті, талапкерлер!

Құрметті, ата-аналар!

Бүгін мемлекеттік білім беру грантын беру жөніндегі конкурсына құжаттарды қабылдау басталды.

Жоғары оқу орындарына грант конкурсына қатысу үшін шілде айының 13-і мен 20-сы аралығында «Электрондық үкімет» порталы және жоғары және жоғары оқу орнындары базасындағы қабылдау комиссиясына барып, Ұлттық тестілеу орталығы ақпараттық жүйесі арқылы құжат тапсыруға болады.

Грант конкурсына құжат қабылдауға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті толық дайын.

Қабылдау комиссиясында ол үшін талапкерлерге барлық қажетті жағдайлар жасалған. Техникалық хатшылар ата-аналар мен мектеп түлектерінің кез келген сұрақтары бойынша кеңес беріп, қызмет көрсетеді.

Дұрыс таңдау жасаған талапкерлер үшін биыл жоғары оқу орнына грантын жеңіп алуға көптеген мүмкіндіктер бар. 

Біріншіден, Президенттің тапсырмасы бойынша грант саны 5 мыңға өсті. Сондай-ақ грант иегеріне төленетін стипендия да 20 пайызға өсетін болады.

Жаңа оқу жылында бакалавриатқа – 73061, магистратураға- 13253, докторантураға- 1906 грант бөлініп отыр.

Стипендия, бакалавриат: 36660-тан – 41898 тенге; магистратура: 86987 -ден 97024 тенге; докторантура: 195000-нан 217500 тенгеге өседі.

Конкурста грант иегері атану үшін дұрыс таңдау жасау – аса маңызды. Мәселен, биыл инженерлік, өндіріс және құрылыс саласына -18744, педагогикалық ғылымдар -12560, ақпараттық-коммуникациялық технология мамандықтарына -10103, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика бағытына -7388 грант бөлінген.

Сонымен грант конкурсына құжат қабылдау 13 -20 шілде аралығында жүреді. 10 тамызға дейін конкурс нәтижесі шығады.

Ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Ал магистратураға кешенді тестілеуге құжаттарды тіркеу үшін 1 маусым 15 шілде аралығында  үлгеру керек,

Кешенді тест уақыты 20 шілде мен 10 тамыз.

Магистратура грантына конкурсқа құжат қабылдау 20  тамызға дейін жүрсе, конкурс нәтижесі  25 тамызда шығады.

Докторантураға құжат қабылдау 15 шілде 3 тамыз аралығында жүрсе, емтихандар – 4-20 тамыз аралығында өтеді.

Керек кеңес:

Мемлекеттік білім беру гранты конкурсына міндетті түрде 13-і күні барып тапсырудың қажеті жоқ, себебі алғашқы күні тапсырушы талапкерлер көп болады. Соңғы күндері адамдар азая бастайды. Сондықтан асықпай таңдау жасап, құжаттарыңызды реттеп алыңыз!

Прочитано 549 раз
Top