200-ДЕН АСТАМ СТУДЕНТ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІН ҮЗДІК АЯҚТАДЫ

Бүгін Жастар аллеясына жиналған тараздықтар Дулати университеті жастарының жарқын сәттеріне куә болды. Бұл күні Білім алаңына білім жолында талмай ізденіп, табысқа жеткен талапты түлектер жиналды. Облыстағы іргелі оқу орны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2023 жылғы үздік бітіруші 200-ден астам түлекке, 20-дан астам магистрантқа, өнер, білім-ғылымда, спортта жетістікке жеткен түлектерге диплом тапсыру салтанатты өтті.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бітірушілерді онлайн режим арқылы құттықтап, ақ жол тіледі. Министр Дулати университетінің базасында Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалы ашылатынын атап өтіп, жастарды ғылым-білім жолында мүмкіндіктері мол оқу орнын таңдауға шақырды.

Биыл Дулати университеті сан саланы меңгерген 4225 жас маманды еңбек нарығына қосқалы отыр. Оның ішінде өңірде үлкен сұранысқа ие мамандықтар да бар. Диплом тапсыру салтанатына облыс әкімі Нұржан Нұржігітов өз сөзінде осыған айрықша тоқталғанын айта кету керек. Кадрлық қажеттілікті өтеп отырған оқу ордасы жастарға сапалы білім беріп қана қоймай, ғылымға жол ашып, өнер мен спортқа баулып, ұлттық құрамаға спортшыларды даярлап отырғанын қозғады. Бокстан әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген, Қазақстан барысы атанған саңлақтардың Дулати университетініңтүлектері екенін атап өтті. Білім-ғылым жолында үздік шыққан бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Өңір басшысы магистр дәрежесін иеленген түлектерге үздік үлгідегі диплом тапсырды.

Жалпы өткен оқу жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті үшін табысты өтті десек, артық айтпаймыз. Оқу орны кадр даярлауда халықаралық байланыстарды нығайтып, «Қос дипломды» білім беру бағдарламасының шеңберінде Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университеті және «Қазфосфат» ЖШС-мен бірлескен ТМД елдері бойынша алғашқы желілік кампусын іске қоспақшы.

Осылайша Дулати университетінің оқу жылында қол жеткізген жетістіктеріне тоқталып өткен университет ректоры Мұхтар Байжұмановүздік бітірушілерді құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Жалпы 2022-2023 оқу жылында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін тәмамдаған түлектердің жалпы саны – 4 255.Оның 4037-сі – бакалавриатты, 202-сі магистратураны, 16-сы PhD докторантураның білім беру бағдарламаларын аяқтағандар.Соның ішінде университетті 220 студент, сондай-ақ 3.5-тен жоғары GPA деңгейіне жеткен 20-дан астам магистрант үздік бітіріп отыр. Қоғамдық, ғылыми, әлеуметтік-мәдени жұмыстарда әртүрлі жетістіктерге жеткен 10 студент және спорттық және ғылыми салаларда үлкен табыстарымен көзге түскен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 11 студент барын айта кету керек, - деді Мұхтар Қазбекұлы.

Сондай-ақ салтанатты шараға өңірімізге белгілі тұлғалар, ғылым жолындағы табыстарға қол жеткізген ғалымдар да қатысты. Облыстық мәслихаттың хатшысы Абдалы Нұралиев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Лесбек Ілебаев, Дулати университетінің түлегі, Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков, "Жаңару" РҚБ облыстық филиалының басшысы Қасымхан Төлендиев, Тараз қаласының құрметті азаматы Батырбек Құлекеев бітіруші түлектерге диплом тапсырды.

Көңіл толқып, сезімді тулатқан салтанатты шарада республикамызға белгілі эстрада жұлдыздарыжастарға ән мен биден шашу шашты. Әсел Уашева, «NOMAD» «Сарман», «Adekee» топтары әуелетіп ән салып, «Томирис» бишілер тобы өз өнерлерін көрсетті. Тараздың түнгі аспанына атылған фейерверктер ерекше өрнек салып, жастардың шаттық күйін жеткізіп жатты.

359133828 778910294237243 805210653410027959 n

359182407 778911464237126 7674524821000934369 n

359307479 778911670903772 5837887702116900992 n

359522569 778911964237076 2094055486810929462 n

358636263 778911704237102 8637388504841166834 n

358718994 778912037570402 22603412462968488 n

359444870 778912297570376 5957645877445797637 n

 

Прочитано 528 раз
Top