Әлеуметтік педагогика саласында өз әлеуетіңізді дамытыңыз!

Құрметті докторантураға түсушілер!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының бастамасымен «8D01801 - Әлеуметтік педагогика» - докторантура бойынша жаңа білім беру бағдарламасын (ғылыми - педагогикалық бағыт - философия докторы (PhD)) іске қосқанымызды қуана хабарлаймыз! Бұл білім мен тәрбиенің әлеуметтік аспектілерін зерттеуге, терең бойлауға ұмтылатын кез келген адам үшін бірегей мүмкіндік.

Әлеуметтік педагогика – бұл тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне әсер ететін білім. «8D01801 - Әлеуметтік педагогика» докторантура бағдарламасының аясында әлеуметтік педагогиканың терең мәселелерін зерттей аласыз және осы салаға өз үлесіңізді қоса аласыз.

Прочитано 539 раз
Top