Онлайн жүйеде ғылыми-техникалық саланы дамыту мәселелер талқыланды

Бүгін ҚР сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесті. Кездесу онлайн режимінде өтті, бұл шараға облыстық ТРж/еМ Комитетінің өкілдері мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары, сондай-ақ стандарттау, сертификаттау және метрология бағытында оқитын студенттер де қатысты.

Кездесу барысында еліміздің мемлекеттік саясатының басымдықтарының бірі ретінде Қазақстанда ғылыми-техникалық саланы дамытуға байланысты маңызды мәселелер талқыланды. Мазмұнды іс-шараның қорытындысы бойынша Техникалық реттеу және метрология комитетінің басшылығы жоғары оқу орындарымен жан-жақты ынтымақтасуға және осы саладағы ғылыми зерттеулерді қолдауға дайын екендігін білдірді.

WhatsApp Image 2023 06 07 at 15.32.02

WhatsApp Image 2023 06 07 at 15.32.02 1

Прочитано 799 раз
Top