2023 жылдың 30 мамырда Unicen жобасы бойынша (университеттік серіктестік бағдарламасының гранттары бойынша) Небраска-Линкольн университетінің профессоры Эндрю Зимброфпен кезекті бейнеконференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан тарапынан жоба үйлестірушісі Рафис Абазов және еліміздің 4 жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті атынан "Экономика"кафедрасының оқытушылары қатысты. Небраска-Линкольн университетінің профессоры Эндрю Зимброфф халықаралық жобадағы одан арғы іс-қимылдар туралы, Қазақстан Республикасына алдағы сапары және М. Х. Дулати және Халықаралық Тараз Инновациялық институты жоба командасының мүшелерімен танысу үшін және халықаралық жобаның даму перспективаларымен бөлісу Тараз қаласына жоспарланған сапары туралы хабарлады.