Дулати студенттері жазғы универсиадада 4 жүлде олжалады

Биыл ХІІ жазғы унверсиаданың жалауы Ақтау қаласында көтерілгені баршаға мәлім. Жоғары оқу орындары арасындағы жазғы спорттық бәсекені сәтті бастаған Дулати университетінің студенттері 4 жүлде олжалады.

Атап айтсақ, қос студентіміз жүзу спорт түрінен 4 бағдарлама бойынша 3 бірінші орын және 1 үшінші орынды қанжығасына байлады.

Қоржынға жүлде салған «Білім саласындағы дене мәдениеттік және спорттық қызмет» мамандығының 1-курс студенті Михаил Царев шалқалап жүзу 50 метрлік бәсекеде, кешенді жүзуден 100 метр қашықтықта, брасс әдісі бойынша 100 метрлік жарыста бәсекелестеріне еш мүмкіндік қалдырмай, І орынды жеңіп алды.

Ал 2-курс студенті Әлихан Ғалымжанұлы шалқалап жүзуден 100 метр қашықтықтағы жарыста үздік үштіктің қатарынан көрініп, қола жүлдені еншіледі.

Жарыс өте тартысты болды, жарысқа 17 ЖОО қатысып бақ сынасты.

2

3

Прочитано 594 раз
Top