Жаңа проректорлар тағайындалды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің кеңейтілген отырысы өтті. Университеттің құрылымдық бөлім басшыларымен өткен жиналыста ректор Мұхтар Байжұманов ұжымға Дулати университетінің жаңа проректорларын таныстырды.

Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдыру жөніндегі проректор лауазымына экономика ғылымдарының докторы ЕСІМОВА ШОЛПАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ тағайындалды.

Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор лауазымына PhD, қауымдастырылған профессор ОРЫНБАЕВ СЕЙТЖАН ӘУЕСЖАНҰЛЫ тағайындалды.

Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор лауазымына PhD доктор ТҰРЛЫБЕК АСЛАН ЕДІЛХАНҰЛЫ тағайындалды.

Аталмыш жиында университет ректоры тағайындалған басшылар бастамасымен университетіміздің даму деңгейі жаңа сатыда қарқынды дами түсетініне сенім білдіріп, табыс тіледі.

2

3

4

Прочитано 602 раз
Top