×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕР КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

«Менеджмент» кафедрасының кәсіби бағдар беру жұмысының 2019-2020 оқу жылындағы жоспарына сәйкес кафедра оқытушылары мен студенттері Тараз қаласындағы «№ 18 орта мектеп», «№33 М.Әуезов атындағы орта мектеп» бітіруші оқушыларына кафедра мамандықтары бойынша үгіт – насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты. Оқытушылар мектеп бітірушілерге 5В050700 – «Менеджмент» және 5В051000 – «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының артықшылықтары, ерекшеліктері туралы толық ақпарат беріп өтті. Сонымен қатар университеттегі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша аталған «Менеджмент» мамандығында білім алып жатқан Германияның Хайльборнн университетінің студенттері Торбен Хинрикс пен Богдан Маркус кафедра оқытушылары мен мамандық туралы жақсы пікірлерін білдірді.

Шалдарбеков Қ.Б. «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы

Прочитано 3116 раз
Top