Мектепаралық жайдарман чемпионы анықталды

Дулати университеті және Тараз қаласы білім бөлімінің Оқушылар сарайы КММ-нің ұйымдастыруымен өткен «Жайдарлы Жас Ұлан» атты қалалық Жайдарман ойыны өз мәресіне жетті. 
 
Мектеп оқушыларына арналған бұл көңілді ойын дәстүрлі түрде жалғасын тауып келеді. Бұған дейін маусымашар және жартылай финалдан сүрінбей өткен қатысушылар, бүгін финалдық кезеңде бақ сынады.
 
Аталмыш сайысқа облыстан 8 команда қатысты. Ойындарға жайдарманның талантты жастары, республиканың чемпиондары және басқарма басшылары төрелік етті. Әзілмен көңілдегі күйді күлдіре отырып жеткізетін командалар 2 кезең бойынша сынға түсті. Алдымен өз топтарын сәлемдесумен таныстырса, үй тапсырмасы кезеңінде нағыз дайындықтың көрінісі көрсетілді.
 
Нәтижесінде, І орынды №34 орта мектебінен келген «Cotton candy» команда қыздары иеленсе, ІІ орын Білім инновациялық лицейінен келген «Сүлейменов 19» жігіттеріне бұйырды. Ал ІІІ-орынға Келешек ғылыми-интеллектуалды мектебінің «Келешек-Тараз» командасы жайғасты. Қалған «Газ-53», «Әзілкештер», «Құмшағал жастары», «Кировамен бірге» және «Интрига» командалары белсенді өнер көрсеткені үшін марапатталды.

WhatsApp Image 2023 05 15 at 10.07.50

WhatsApp Image 2023 05 15 at 10.07.51

 

 
Прочитано 542 раз
Top