×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

КЕҢЕС КЕҢЕЙІП, ДЕМЕУ КҮШЕЮДЕ

Технологиялық кешеннің бірінші қабатында «DEMEÝ» бірыңғай қызмет көрсету орталығы салтанатты түрде ашылды.

 

Ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Шабдар Нұрлан Амангелдіұлы, облыс әкімінің орынбасары Орынбеков Бекболат Серікбекұлы және БАҚ өкілдері, университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты.Қызмет көрсету жұмысын жеңілдете түсетін аталмыш орталықтың жұмысымен, құрылымымен Тіркеу офисінің директоры Наталья Петровна таныстырды. Ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбаев студенттердің орталықта атқаратын жұмыстарына тоқталды.Аталмыш орталық төмендегідей бөлімдерден тұрады: «QYZMET_TARSU» - білімгерлерге қызмет көрсету орталығы, университеттің Call-орталығы; студенттерді жұмысқа және университет жатақханаларына орналастыру бойынша, шетелдік азаматтығы бар студенттер үшін кеңес беру және Coworking аймағы орналастырылған.Бұл орталық бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді, яғни қандай да бір қызмет түрі қажет болса әр жерге бармастан, осы орталықтан қажет құжатты алып немесе керекті мәліметпен ақпараттанады. «DEMEÝ» бірыңғай қызмет көрсету орталығының құрылуы университеттегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және әкімшілік кедергілерді жою үшін алдын алу шарасы.«QYZMET_TARSU» қызмет көрсету орталығы бір терезе қағидасы бойынша жұмыс істейді және келесідей қызмет түрлерін көрсетеді: анықтамалардың барлық түрлерін, кету парағын, транскрипт шығару; қабылдау және ауысу рәсімдерін техникалық қамтамасыздандыру, жатаханалардағы бос орындарды бөлу, босаған грант орындарына байқау ұйымдастыру және жеңілдіктер алуға өтініштер қабылдау.Call-орталығында жоғары оқу орнының академиялық қызметіне байланысты және жалпы университеттің сервистік қызмет түрлері бойынша толық ақпарат бере алатын білікті кеңесші-қызметкерлер жұмыс істейді. Call-орталық үшін арнайы бағдарлама және жеке телефон желісі сатып алынды.Консалтинг қызметінің бағыттары: жұмысқа орналастыру және мансапты дамыту мәселелері бойынша кеңес беру; шетелдік студенттермен жұмыс істеу. Консультациялар ішкі резервтер есебінен ұйымдастырылады және қабылдау кестесіне сәйкес жүргізіледі.«Coworking-zone» – бұл Wi-Fi аймағы, жарнамалық және түсіндіру буклеттері, қабылдау және ауыстыру кезіндегі кеңес беру аймағы, «Біргеміз», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс жасағы» және т.б. түрлі жобаларда жұмыс істеуге арналған аймақ.Осы орайда технологиялық кешенде адалдық дүкені ашылып, бүгінде студенттердің игілігіне жұмыс істеп жатқанын айта кеткен жөн. Дүкеннің ерекшелігі сатушының болмауында. Яғни, сатып алушы өз керек затын алып, ақысын сонда қалдырады. Бұл дүкенде концелярлық тауарлардан бөлек, жеңіл тағам түрлері де сатылады.Орталықтың ашылу салтанатынан кейін келген қонақтар Тәуелсіздік залында өткен орта және кіші кәсіпкерлермен кездесуде бас қосты.Кәсіпкерлер мен осы салаға қатысты мемлекеттік орган өкілдері қатысқан жиын ашық диалог форматында өтті. Кездесу барысында «Атамекен» аумақтық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов, «Novacom technology» ЖШС-нің бас директоры Марсель Әбдраманов, жеке кәсіпкер Рауан Рауылбеков сөз сөйледі.Іс-шараны қорытындылаған Нұрлан Амангелдіұлы елімізде сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында фронт-офистар ашылып, олар тиімді жұмыстар атқарып жатқанын жеткізді. Келіп түскен сұрақтардың 90% өз шешімін тапқан. «Басты талап – бизнесті адал жүргізу. Сыбайлас жемқорлықтың фактісі туралы 1424 жедел нөмеріне хабарласып, айтуларыңызға болады. Ешқандай қоңырау назардан тыс қалмайды»,- деген агенттік төрағасы басты мақсат қоғамның әрбір мүшесінің сеніміне ие болу екенін қадап айтты.

 Медиа-қызмет

Прочитано 2061 раз
Top