М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің сырттай оқыту факультетінің ұйымдастыруымен 2020 жылы бітіруші түлектерге диплом тапсыру салтанаты өтті. Барлық бітірушілер саны 1653 түлек. Олардың ішінде 8 -і үздік диплом иегерлері атанды.
Диплом тапсыру рәсімін құттықтау сөздері мен ақ жол тілектерін айта отырып, үздік дипломдарды университеттің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мақметғали Сарыбеков табыстады. Келесі кезекте сөз алған сырттай оқыту факультетінің деканы Мұрат Бекмұратов: біздің мыңдаған түлектеріміз алған білімдері мен кәсіби біліктіліктерінің нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасап , мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еңбек етуде. Бұл – біз үшін үлкен қуаныш. Олардың қатарында елге танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, Еңбек Ерлері мен даңқты спортшылар да бар, деп, басқа да студенттерге диплом табыстады. Сонымен қатар, факультет деканы жоғары білікті мамандарды дайындауда қосқан үлесі үшін оқытушыларға зор ризашылығын білдірді. Салтанатты кеш деканның орынбасарлары Сейітжан Орынбаевтың факультеттің әдіскерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Кеш қонақтары оқу бітірген түлектер, университет оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер. Кеш барысында концерттік бағдарлама, арнайы әзірленген слайдтар көрермендер назарына ұсынылды.
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ