Халықаралық академиялық ұтқырлық – Ұмытылмас озық тәжірибе

Дулати университетінде студенттерді академиядық ұтқырлық бағдарламасымен шетелдік жоғары оқу орындарына жіберу  бүгінде тұрақты дәстүрге айналып, әр семестрде білім алушылар алыс және жақын шетелдік серіктестерге жіберіліп отыр.

Бұл студенттер үшін білім, ғылым саласындағы үздік жетістіктерге қол жеткізетін, әлемнің түрлі елдерінен қатысқан студенттермен қарым-қатынас жасау секілді ұмытылмас шетелде оқу тәжірибесі.

Бүгінде бағдарлама аясында шетелдік серіктестерде білім алып, тәжірибе алмасып жатқан студенттердің қатары бар. Атап айтар болсақ, «Туристік бизнес» мамандығының  студенттері Польшаның Лодз қаласында, Лодз университетінде, «Шетел тілдері» мамандығының студенттері Туркияның Стамбул қаласындағы Малтепе университетінде
Кастамону қаласындағы Кастамону университетінде өз мамандықтарымен білім алуда.

WhatsApp Image 2023 04 28 at 16.47.07

Бағдарламаға қатысқан студенттердің барлығы өздерінің мамандығы аясында өмірлік, ұмытылмас тәжірибе алғанын, бағдарламаға қатысып, өзінің шексіз мүмкіндіктеріне жол ашылғанын, осындай мүмкіндік берген Мемлекет басшысына, Ғылым және жоғары білім министіріне сонымен қатар, Университет басшылығына алғыстарын айтуда.

Халықаралық ынтымақтастық орталығы Дулати университетінде 1 және 2 курста білім алатын барлық білім алушыларды әлемнің білім беру кеңістігіне апаратын халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға шақырады.

WhatsApp Image 2023 04 28 at 16.47.08 2

WhatsApp Image 2023 04 28 at 16.47.08

Халықаралық  ынтымақтастық орталығы

Прочитано 566 раз
Top