ХАБАРЛАНДЫРУ

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 080000, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7 «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшелерінің мынадай бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды: 1. стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор; 2. инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректор; 3. ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор; 4. әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор, мекен-жайы: Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі, 7.

Қоғам қызметінің мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі және қосымша білім саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда не өзге де мемлекеттік органдарда және (немесе) ұйымдарда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Конкурсқа қатыса алмайды:

1) жиырма бес жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық жағынан құқық бұзушылық жасаған;

3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрған;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1)  белгіленген нысандағы өтініш;

2)  Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3)  белгіленген үлгідегі 3х4 түсті фотосуретімен конкурсқа қатысушының белгіленген нысандағықызмет тізімі;

4)  салыстыру үшін түпнұсқаларын көрсете отырып, білім туралы құжаттар және оларға қосымшалар;

5) жұмыс орны (ағымдағы немесе соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (медициналық кәсіби консультациялық қорытынды) № 075/у нысаны;

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жылдан аспайтын мерзімде берілген жүйке-психиатриялық ұйымның анықтамасы;

8) мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттарды тапсыру күніне дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымның анықтамасы;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйымның жоқтығын растайтын құжат. 

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің білімдеріне, жұмыс тәжірибелеріне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпараттарды бере алады (біліктілік жоғарылату, ғылыми дәрежелер мен атақтар алу, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өздерінің кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа да мәліметтер).

Өтініш пен қызметтік тізімнің үлгілерімен, сондай-ақ «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасын – Ректорын іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібімен Дулати университетінің сайтында мына мекенжай бойынша танысуға болады: https://dulaty.kz/ru.

Өтініш пен қызмет тізімі (жүктеу үшін)

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Басқарма Төрағасын — Ректорын іріктеу және тағайындау және Басқарма мүшелерін сайлау тәртібі

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.Конкурс өтетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда аталған құжаттарды белгіленген мерзімде «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ Корпоративтік хатшысына келесі мекен-жай бойынша жеткізу қажет: Тараз қ., Ы.Сүлейменов көш., 7 (каб. 1.1.108), тел.: 8 7262 457978, ұ.тел.: 87775078700, эл.пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Прочитано 1374 раз
Top