Үздік робот құрастырушы оқушы Дулати университетінің грантына ие болды

Дулати университетінде оқушылар арасында облыстық робототехника байқауы өтті. Бұл – жыл сайын университет және Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация кафедрасының қолдауымен өтіп тұратын оқушылар мен колледж студенттері арасындағы жас робототехниктердің жарысы. Биыл білгірлердің бәсекесі Дулати университетінде төртінші рет ұйымдастырылып отыр.

Дәстүрлі байқау 4 жылда мектеп оқушылары, колледж студенттерінің робототехника саласы бойынша талдамалық және дизайнерлік дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін бірегей алаңына айналып үлгерді. Әр жылы үздік шыққан қатысушыларға бағалы сыйлықтар, жарыс жеңімпаздарына университеттің оқу гранты беріледі.      

2 фото

Конкурс ережесі бойынша қолданбалы және ойын-сауық сипаттағы роботтар үшін арнайы бағдарламаларды жасау, құрастыру қажет. Дайындалған жұмыстың қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды.

Заман талабына сай ІТ саласы күннен күнге сұранысқа ие болып келеді. Оның тағы бір дәлелін бүгінгі сайыс қатысушыларының қатарынан көруге болады. Жалпы 86 білім беру мекемелерінен 155 үміткер және 35 команда үш номинация бойынша бақ сынады. «Жылдам жарыс» кезеңінде әр команда уақытқа байланысты межелеген жерге бірінші болып келуі шарт. Яғни, сызық бойымен жарыс кіші топ старттан финишке дейін жүріп өту керек. Старттың квадратынан бастаса 5 ұпай, фиништің квадратына тоқтаса 5 ұпай беріледі. Барлығы 10 ұпай және жоғары көрсеткішке ие болады.

Келесі бағытта өнер көрсеткендер «Мини – Сумо 10х10» номинациясы бойынша бақ сынады. Дәлірек айтқанда, «Мини сумо размері 10х10» болу керек, салмағы 50грамм. Робот қарсыласын рингтан шығаруы талап етіледі.

фото 3

Бағдарламалау тілін игеру және дұрыс қолдану арқылы адам миын имитациялайтын жасанды интеллект ойлап табуда жолға қойылған. Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша жасаған үміткерлер өндіріске және қоғамға пайдалы болатын жобаларды ұсынды. Соның бірі - Жамбыл облысы Меркі ауданы №5 Ақарал жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Саян Мейірбек.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін баспалдақтан құрылғы көмегімен кедергісіз көтерілудің тиімді жобасын ұсындым. Кей мекемелерде лифт орнатылмаған, бұл жоба өндіріске енгізілетін болса, қоғамға пайдалы болар еді, - дейді жас талант. Ол сондай, ақ спортты жанына серік еткен жандар үшін де жаңа «Робот тренерді»ойлап тапқан. Басты ерекшелік адамның денсаулығына қарай қандай жаттығулардың қажет екенін және сол сәттегі ішкі иммунитеттің қалыптылығын көрсетеді.

фото робот 1

Тартысты өткен байқау қорытындысын шығару мамандарға оңайға соқпады. Дегенмен еңбекті бағалап, ерекшелікті ескеріп төрешілер жүлдегерлерді анықтады.

Байқау нәтижесі бойынша эксперттік комиссия келесідей шешім қабылдады.

Мини-Сумот 10х10 номинициясы бойынша:

I – дәрежелі диплом: - Мирас Құрмонов, Темірлан Мейрамбек ( Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебі)

II - дәрежелі диплом: Гусейн Абаскулов, Даниял Даулетбаев (Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ)

Жылдам жарыс номинициясы бойынша:

II - дәрежелі диплом: Әлинұр Ізбасар, Төрежан Молдақанов (Центр детского и юношеского творчества)

III - дәрежелі диплом: Ақнұр Есенбекқызы (Қаратай Тұрысов атындағы 53 мектеп-гимназиясы №53 мектеп-гимназиясы)

III - дәрежелі диплом: Мансұр Абир (Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназиясы)

III - дәрежелі диплом: АйданаЖолдазбекова, Алсу Хальфутдинова (Меркенский район, №17 имени Трубицына )

Роботты құрылғыларды ерекше нұсқалары бойынша номиниция:

I - дәрежелі диплом: Іңкәр Тұрғын, Алуа Мақұлова (Мамандандырылған дарынды балаларға арналған лицей)

II - дәрежелі диплом: Андрей Сбиральников, Кира Тарасенко (КГУ средняя школа №18 г. Тараз)

III - дәрежелі диплом: Диас Сейсенбек (Мағжан Жұмабаев атындағы №21 орта мектебі)

III - дәрежелі диплом: Мустафасалих Ерқанатұлы (КГУ " Центр технического творчества")

IV облыстық робототехника байқауының қорытындысы негізінде Ғ. Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Арыстан Садықовқа Дулати университетінде барлық оқу кезеңіне тегін оқу құқығы берілді.

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36 1

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36 3

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36 4

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36 5

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36 6

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.36 7

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.37

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.37 1

WhatsApp Image 2023 04 24 at 15.26.37 2

 

 

 

 

 

Прочитано 606 раз
Top