Мектеп оқушылары мамандармен кездесті

 «Текстиль және сапа» студенттік ғылыми үйірмесінің  ұйымдастыруымен Тараз қаласы және Жамбыл облысының мектеп оқушылары мен колледждерінің білім алушылары, «Технологиялық» факультетінің студенттері арасында «Текстиль және дизайн» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы мен Тараз қаласынан 14 мектеп және колледждер қатысты. Атап айтсақ, Байзақ ауданы Ғ. Мұратбаев мектеп гимназиясы; Байзақ ауданы Сыдық Абланов атындағы орта мектебі; Тараз қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы №1 гимназиясы; Тараз қаласындағы № 48 Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі; Тараз қаласындағы Шерхан Мұртаза атындағы №30 мектеп-гимназиясы; Байзақ ауданы №2 орта мектебі; Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы Көркем сурет балалар мектебі; Жуалы ауданы Әлихан Бөкейхан атындағы №15 мектеп-лицейі; Жуалы ауданы, №22 Бауыржан  Момышұлы атындағы орта мектебі; №12 Керімбай атындағы мектеп-гимназиясы және Жамбыл политехникалық колледж студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Шебер» оқу-ғылыми-өндірістік бөлімшесінде тоқылған заманауи трикотаж бұйымдарының ассортименттері көрсетілді.

Дөңгелек үстелге т.ғ.к., доцент Рахманова Ж.С., PhD докторы Маханбеталиева К.Т., ғылым магистрі, аға оқытушы Касымова Ғ.Ә. төрелік етті.

Дөңгелек үстелге текстиль дизайнына қатысты өзекті тақырыптар талқыланды. Қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және грамоталармен марапатталды.

WhatsApp Image 2023 04 20 at 09.28.29

WhatsApp Image 2023 04 20 at 09.28.29 1

WhatsApp Image 2023 04 20 at 09.28.30

WhatsApp Image 2023 04 20 at 09.28.30 1

«Текстиль және сапа» студенттік ғылыми үйірме жетекшісі

Маханбеталиева Камшат Торғайбайқызы

Прочитано 818 раз
Top