Болашақ журналистер "Jambyl" телеарнасының басшысымен кездесті

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасының журналистика ББ студенттері "Jambyl" телеарнасының директоры Гүлбаршын Құланбаевамен кездесті.
Ұзақ жыл медиа саласында жемісті еңбек етіп, басшылық қызметтер атқарған Гүлбаршын Қайратқызы телевизия саласына қатысты біраз мағлұмат беріп, жаңалық әзірлеудің, сөйлеу шеберлігін дамытудың жолдарымен бөлісті. 
 
Ашық лекция барысында сұрақ-жауап қана емес, еркін пікіралмасу арқылы да біраз мәліметтер беріліп, телевизия, баспасөз, интернет журналистика жайлы бүкпесіз әңгіме өрбіді. Тарихы, бүгіні мен болашағынан бөлек проблемалық мәселелер де қаузалды. Ал білімгерлердің тарапынан түрлі сауалдар мен пікірлер айтылып жатты.  "Облыстық телеарнаның есігі студенттер үшін әрқашан ашық", - деген Гүлбаршын Қайратқызы жастар бағдарламасын ашам дегендер болса мүмкіндік беруге әзір екенін жеткізді. 
 
Сондай-ақ жергілікті телеарна мен студенттер арасындағы байланыс нығая түсетініне сендіріп, білімгерлерді еңбекқор болуға шақырды.

WhatsApp Image 2023 04 20 at 11.43.21

WhatsApp Image 2023 04 20 at 11.43.22 1

 
Прочитано 537 раз
Top