Жайдарманның чемпиондары анықталды

Дулати университетінде «Жайдарман» ойындарының финалдық ойындары өтті. Бұл күнге дейін әзіл мен қағытпа қалжың арқылы түйткілді мәселелерді көпшілікке жеткізген жастар оқу жылының басынан 5 кезеңде өнер көрсетті.

Ақтық ойында «Престиж», «Әдеби жігіттер», «Болашақ мамашалар», «Бренд» және «Қарасаз» командалары бақ сынады. Көрермендердің қошеметіне бөленген жастар, тың дайындықпен келгенін тағы да дәлелдей түсті. Әзіл арқылы елдегі кейбір оқиғалар мен қоғамдық мәселелерді көрсете білді.

Алдын ала берілген тапсырма бойынша «Жұлдызбен көрініс» кезеңінде әлеуметтік желіде жастар арасында танымал блогерлер мен ардагер жайдарманшылар Дулатилық жайдарманшылармен бірге өнер көрсетті.

Қазылар алқасының шешімімен биыл университет түлегі атанғалы отырған «Престиж» бен «Әдеби жігіттер» екінші-үшінші орынды өзара бөліссе, «Бренд» және «Болашақ мамашалар» командалары қос чемпиондыққа ие болды.

WhatsApp Image 2023 04 17 at 18.59.10

WhatsApp Image 2023 04 17 at 18.59.26

WhatsApp Image 2023 04 17 at 18.59.43

WhatsApp Image 2023 04 17 at 19.00.22

WhatsApp Image 2023 04 17 at 19.00.42

WhatsApp Image 2023 04 17 at 19.01.03

Прочитано 522 раз
Top