Мектепаралық өнер фестивалі өтті

Шығармашылықтың шынары болып, халық дәстүрін ұлықтап жүрген Дулатилық өнерпаздар бірнеше жылдан бері халық қошеметіне бөленіп келеді. Нәтижелі еңбектің жемісін «Мәдениет және өнер» кафедрасынан түлеп ұшқан түлектерден көруге болады. Осы ретте кафедра ұжымының ұйымдастыруымен «Жалынды жас – дарынды ұрпақ» атты мектепаралық өнер фестивалі өтті. Жастардың өнерге деген ұмтылысын мектеп жасынан дамытуды көздеген мамандардың басты мақсаты таланттылардың басын қосу. Бір салада, бір арнада жүрген шығармашыл жандардың өнерін өзгелерге дәріптеу. Өнер иесін тапса – төзімділікпен, шыдаммен күтуді және еңбектену арқылы ғана нәтиже болатынын жас таланттарға түсіндіру еді.
 
Биыл ІІ мәрте ұйымдастырылып отырған өнер фестиваліне өтініштер наурыз айынан бастап қабылданған. 18 мектептен жиналған жастардың арасынан нағыз өнерпазды таңдау қазылар алқасына оңайға соқпады.
Жарыс 3 кезеңнен құрылған. Олар “Хореография”, “Көркем сөз оқу” және “Вокал”. 
 
Әр қатысушының таланты мен қабілеті маңызды екенін ұйымдастырушылар басты назарға алды. Тартысты бәсекеде жоғары деңгейде өнер көрсеткен қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

WhatsApp Image 2023 04 14 at 19.44.23 1

WhatsApp Image 2023 04 14 at 19.44.24

WhatsApp Image 2023 04 14 at 19.44.24 1

 
Прочитано 488 раз
Top