12 СӘУІР – ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

ХХІ ғасыр – ғылым мен ақпараттық технологиялар дәуірі. Елдің өркениет көшінде алға басуы – ғылымның дамуына тікелей байланысты.

Ғылым қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің 12 сәуірге белгіленуі кездейсоқтық емес. Бұл – қазақ геология ғылымының негізін қалаған, Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың туған күні.

Дулати университетінде ғылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Университет басшылығы ғалымдарға халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға жол ашып, шетелдік оқу орындарымен ынтымақтастықты нығайтуда.

Дулати университетінің 25 ғалымы ҰҒА, салалық ғылым академиялары мен Кәсіби қауымдастықтарының құрамына қабылданған.

Университет ғылыми-зерттеу институттарымен және ЖОО-мен ынтымақтастық туралы 154 келісімге қол қойған. Оның 47-сі алыс шетелдегі ЖОО, 66-сы ТМД, 41-і республикадағы оқу орындары.

WhatsApp Image 2023 04 12 at 10.54.25

Прочитано 531 раз
Top