Дулати Университетінің «Химия және биология» кафедрасы және Тараз қаласы №15 мектеп-гимназиясының педагогикалық сынып оқушылары арналған «Химик-эксперт» көктемгі мектебі өз жұмысын жалғастыруда.
Жас ғалымдар мектебі өз жұмысын 27 наурыз – 7 сәуір 2023 ж. аралығында атқарады. Гимназияның жоғары сынып 13 оқушысы қазіргі таңда химия пәні бойынша эксперименталды және ғылыми дағдыларын дамытуда.
Көктемгі мектеп барысында оқушылар теориялық материалды шыңдайды және эксперименттік-зертханалық жұмыстарды жүргізудің дағдыларын қалыптастыра алады. Жас ғалымдар мектеп аттестатын алған соң Дулати университетінің студенті болғысы келетінін айтты.