Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жұмыс іздеген де, жұмысшы іздеген де көп.

Аталған жоғары оқу орнының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға бітіруші студенттер қатысты. Бәрі де өзіне лайық жұмысқа ынталы. Ал университеттің мақсаты – түлекке жұмыс, жұмыс берушіге қызметкер табуға себепкер болу. Бітіруші түлектер үшін жұмыс орындарының қолжетімділігін кеңейту мақсатында ұйымдастырылған жәрмеңкеге арнайы шақыртылған қонақтар да келді.

– «Үлкен залға жиналған көпшіліктің қарасы қалың. Жұмыс істеймін деген адамға лайықты жұмысшы іздеген мекеме жеткілікті. Соның ішінде ірі ұйымдардан бөлек, жаңа, заманауи мекемелердің келгені де қуантады. Бастысы, түлектер жұмыс тауып алса деген ниеттеміз. Өзім осы университетте студент болдым. Қазіргі таңда «Облыстық жастар ресурстық орталығының» директоры қызметін атқарудамын. «Жақсы адамға бір кісілік орын бар» демекші, білікті маман барлық уақытта сұранысқа ие. Мамандығыммен бірге белсенді студент болып көптеген жобалармен айналыстым. Бұның барлығына себепші болған осы оқу орны. Яғни, талпынған жанға мүмкіндік әрқашанда бар. 4 жыл оқып, мамандық алғаннан кейін әр бітіруші түлектің жұмысқа орналасып кеткенін қалаймыз», деді Арайлым Әділбекқызы.

Жұмыс берушілердің арасында білім беру саласының ұйымдары көп. Мемлекеттік мектептер де, жекеменшік орта білім беру ұйымдары да, оқу орталықтары да бар.

Дулати университеті талай жылдық тарихы бар, іргелі оқу орындарының бірі. Өңірдегі айшықты білім ордасы болғандықтан «Қара шаңырақ» деп те атайды. Осы университеттен тәлім алып еліміздің түкпір-түкпіріне қанат қаққан әрбір түлек, бар жиған білімдерін өскелең ұрпаққа, өз халқының игілігіне арнағаны ақиқат. Бұл оқу орны әрбір буынның жігерін жанып, білімін шыңдап, ғылымға бетбұрыс жасауына үлкен үлес қосуда. Бүгінгі бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі де студентке арналған ерекше мүмкіндік.

RLS 4357

RLS 4329

RLS 4335

 

Медиа-қызмет.

Прочитано 627 раз
Top