Республикадан жеңіспен оралды

Қоржынында баға жетпес шығармашылық қазына мен халық дәстүрінің игілігі жинақталған жастардың қатары елімізде көбейіп келеді. Дулати университеті «Музыка мұғалімдерін даярлау» мамандығының студенттері шығармашылық пен қатар теорияны қатар меңгерген. Тек білімділікті ғана емес жоғары ноталармен классикалық әуендерді жетік меңгерген Гауһар Бекмахан өнер жолындағы тағы бір жетістігімен көпшілікті тәнті етті.

Дәстүрлі түрде Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген XV Республикалық пәндік олимпиадасы «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» РММ базасында өтті. Аталған олимпиадаға №2 «Музыкалық ағартушылық» номинациясы бойынша жүзден жүйрік шыққан 14 облыстан қатысушылар бақ сынады. Жамбыл өңірінен талантты жасты бәйгеге дайындаған жетекшісі «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі Абдикеримова Перизат Жорабекқызы.

XV Республикалық пәндік олимпиада 3 кезеңнен тұрды. Сыннан сүрінбей өткен қатысушылар ғана финалдық бәсекеге жолдама алды. «Оқушылардың эстетикалық тәрбие жүйесіндегі интеграция және пәнаралық байланыстар» кезеңі бойынша белсенді өнер көрсетіп 2 кезең Музыкалық викторинадан да сүрінбеді. Шешуші кезеңде «Keys study» шығармашылық тапсырма орындалды.

Олимипаданың қорытындысы бойынша МИП20-1 тобының студенті Бекмахан Гауһар Берікқызы жеңіс тұғырынан көрініп, ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды. Жүлдегерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2023 04 03 at 14.57.47

Прочитано 544 раз
Top