Жастар жетістігі жаңашылдыққа үндейді

     Жетістік үздіксіз әрекеттердің нәтижесі. Спорт, білім, бизнес, жеке тұлғалық даму барлығы жақсы әдеттердің қайталануы арқылы жеміс береді. Бойыңдағы тума талантыңа таңдауың мен ортаң оң әсерін тигізуі керек. Сондықтан болашақтың іргесін қалайтын білім ордасын дұрыс таңдау аса маңызды. Жарты ғасырдан астам тарихы бар ЖОО нының жетістігі студенттердің көрсеткішімен өлшенеді. Дулати университеті талай тарланның қанат қаққан қара шаңырағы десек, артық емес. 
Қазіргі таңда университетте оқытушылар мен студенттердің  жетістіктері өте көп. Білікті мамандар студенттердің оқуға деген ынтасын ашып қана қоймай, оларды  жан-жақты  бағыттап, жетістікке жетуіне ықпалын тігізуде. Осылайша, нәтижелі жастар өз қатарластарына үлгі болуда. 
   
Аталған студенттер сессия нәтижелері бойынша өте  жақсы бағаларға ие. Және университеттің, қала, облыстық қоғамдық іс-шараларға да белсене қатысады. Ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарға кафедраның да факультеттің де атынан бір кісідей ат салысып, халықаралық конференция, олимпиада, конкурстарға да белсенділік танытуды. 
       
Оқу барысында кафедра студенттері тек білім мен тәрбие ғана алып қана қоймай, ғылыммен айналысып, көптеген республикалық және президенттік шәкіртақы иегері атанды. Атап айтқанда, 2021-2022 оқу жылында Эльвира Бақытжанқызы   мен  Назгүл Нұрпейісқызы Президенттік стипендияға ілінсе, Асима Жеңісқызы мен Эльвира Бақытжанқызы «Елбасы атындағы Нұрсұлтан Назарбаев Қоры» стипендиясының иегері атанып, Эльвира Сатқожаева мен Ардақ Сайлаубекова студент зерттеуші атағын алды. 
       
Осындай студенттерді ғылымға баулып, бағыт бағдар көрсетіп жүрген кафедра доценті, техника ғылымдарының кандидаты  Әшірбек Төленбайұлы Жақаш ағайымызға мың алғыс!
Білімді жастарымыз барда біздің болашағымыз жарқын болмақ!
 
 
 
   «Қолданбалы математика және статистика» кафедрасының аға   оқытушысы,
     Егемберді Шынар Қанатқызы.               
 
Прочитано 666 раз
Top