Ғылыми жоба аясында халықаралық конгресс ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» атты гранттық жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Қашықтан білім беру: сын-қатерлер, заманауи трендтер және стратегиялар» атты Халықаралық Конгресс өткізді.

Халықаралық Конгрестің мақсаты – цифрлы қоғамда педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын айқындау; қашықтан оқытудың заманауи трендтерін айқындау; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын цифрлы технологиялардың мәнін ашу; педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу.

Халықаралық Конгресc Цифрлы Қазақстан жағдайында педагогикалық кадрларды даярлауда сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын цифрлы оқыту технологияларын оқыту процесінде тиімді пайдаланудың жолдарын айқындау; жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтан оқыту және педагогикалық білім берудің заманауи трендтерін қарастыру; цифрлы ортада педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденцияларын айқындау және әлемдік тәжірибені зерделеу және т.б. міндеттерді қойды.

Халықаралық Конгресс барысында педагогикалық білім берудің заманауи трендтері, цифрлы ортада педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары және әлемдік тәжірибені зерделеудің қазіргі жай-күйі талқыланды.

Халықаралық Конгреске E.А.Köksal – Нигде Омера Халисдемира университетінің қауымдастырылған профессоры (Туркия); Б.Пшибыльский – Мария Гжегожевский атындағы университетінің профессоры (Польша); Н.В.Скоробогатова – ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректор (Россия); Р.Т.Сулайманова, Т.Ч.Абдылдаева – Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің ғалымдары (Қырғызстан); Д.М.Юлдашева, И.С.Солиев – Ферғана мемлекеттік университетінің ғалымдары (Өзбекстан); Қ.К.Жампеисова, Ұ.Қ.Қияқбаева – Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары (Алматы); С.Қ.Абильдина – Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры (Қарағанды); Р.Л.Калимжанова – 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің доценті (Арқалық); Т.Б.Байназарова – Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің профессоры (Алматы); Г.А.Абишева – білім Сарапшылар Қазақ лигасының Президенті, «KPI BILIM» білім беру орталығының Бас директоры (Алматы); Н.А.Дрейт – №68 гимназиясының «Педагог-шебер» санатындағы мұғалімі (Алматы); «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері; «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері; педагогикалық ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары; жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдер Халықаралық Конгреске 200 қатысушы өздерінің инновациялық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, үлкен белсенділік танытты.

M.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессоры, п.ғ.д., Жоба жетекшісі К.Д.Бузаубакова «Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары: M.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің инновациялық іс-тәжірибесі» тақырыбына баяндама жасап, Қазақстан Республикасында қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың мазмұны, ерекшеліктері, жолдарын айқындап, қашықтықтан оқыту жағдайында болашақ педагогтің цифрлы- құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша жүргізілген вебинар, онлайн курс, онлайн-байқаудың мәні және мазмұнын ашып көрсетті.

Ресей Федерациясынан келген Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры Н.В.Скоробогатова «Болашақ педагогтерді даярлаудағы қашықтан оқыту технологиялары» тақырыбына мазмұнды баяндама жасап, көпшілікті тәнті етті.

Қырғыстан Республикасының Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің профессоры Р.Т.Сулайманова «Қазіргі кезеңде Қырғыстанда педагогикалық кадрларды даярлаудың теориясы және практикасы» тақырыбына баяндама жасап, Қырғыстанның педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталды.

Түркия мемлекетінен онлайн байланысқа шыққан Нигде Омера Халисдемира университетінің қауымдастырылған профессоры Ela Ayşe Köksal «Ғылым әлеміне виртуалды саяхат жасау арқылы педагогикалық мамандыққа талапкерлерді тарту» тақырыбына жасаған баяндамасы көпшілікті тәнті етті.

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің доценті, 6В01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасының жетекшісі Р.Л.Калимжанова «Цифрлы білім беру жағдайында болашақ педагогтердің метақұзыреттіліктерін дамыту» тақырыбына кең көлемде мазмұнды баяндама жасап, цифрлы құзыреттілікті жаңа қырынан танытты.

Өзбекстан Республикасынан онлайн байланысқа шыққан PhD доктор Б.Х. Байджанов

Өзбестан Республикасында педагогикалық кадрларды даярлау жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып, инновациялық іс-тәжірибесімен бөлісті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Т.Б.Байназарова «Артпедагогика пәнінің болашақ педагогтердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы рөлі» тақырына жасалған баяндамасы педагогикалық қауымдастықтың көңілінен шығып, қызығушылық танытты.

Ресей Федерациясынан келген Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Л.И. Пономарева «Жалпы орта және жоғары білім беру интеграциясы жағдайында болашақ педагогтерді даярлау» тақырыбына жасаған баяндамасы әсерлі шықты.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің докторанты А.А.Ауезова « Мектепке дейінгі мекемелерде цифрлы технологияларды пайдаланудың заманауи бағыттары» тақырыбына баяндама жасап, ұлттық құндылықтар негізінде цифрлы технологияларды пайдаланудың басым бағыттарын ашып көрсете алды.

Білім Сарапшылар Қазақ лигасының Президенті, «KPI BILIM» білім беру орталығының Бас директоры Г.А.Абишева «Қазақстандық білім беруді дамыту траекториясиясы: Ұлттық білім беру жүйесін өзектендіру және Халықаралық білім беру кеңістігіне белсенді кірігу» тақырыбына жасаған баяндамасы педагогикалық қауымдастықтың қолдауына ие болды.

Халықаралық Конгресс аясында 3 педагогикалық алаң жұмыс жасады: цифрлы қоғам: цифрлы оқыту технологиялары және мұғалім тұлғасы; қашықтан білім беру: заманауи трендтер және жаңа мүмкіндіктер; цифрлы ортада педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, әлемдік тәжірибе, инновациялар.

Халықаралық Конгресс жаңа Қазақстан жағдайында жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары айқындалып, цифрлы ортада отандық, шетелдік ғалымдармен ынтымақтастық байланыс орнатудың жолдары және коллаборациялық зерттеу жұмыстарынының басым бағыттарын айқындады, цифрлы Қазақстан жағдайында жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды даярлауда цифрлы оқыту технологияларын қолдану, цифрлы оқыту контенттерін жасау қажеттіліктеріне баса назар аударды.

Халықаралық Конгресс Цифрлы Қазақстан жағдайында сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын цифрлы оқыту технологияларын пайдаланудың тиімді жолдары анықтауда қомақты үлес қосты.

2

3

Клара БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати атындағы Тараз

өңірлік университетінің  профессоры,  п.ғ.д., Жоба жетекшісі

Прочитано 740 раз
Top